Сенім телефоны
87713277695
email: sosh28@goo.edu.kz
Мекенжайы: С. Торайғыров көшесі, 24
53-05-12, 53-17-48, 62-73-82
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00 - 17.00 бейсенбі 14.00 - 17-00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ашық есік күні
10-04-2014 08:52
Ашық есік күні

Өткен сенбі күні мектеп 2014-2015 оқу жылында бірінші сыныпқа баратын балалар мен олардың ата-аналарына арнап ашық есік күнін өткізді. Болашақ бірінші сынып оқушыларын бастауыш сынып мұғалімдері Ольга Владимировна Анушкина мен Людмила Юрьевна Кузнецова қарсы алды.
Болашақ оқушылар өз өмірінде алғаш рет сабаққа қатысып, мектеп партасында отырып, өз мұғалімінің алғаш рет берген тапсырмасын орындады. 

          Осы кезде ата-аналары мектеп әкімшілігімен кездесіп, танысты.  Мектеп директоры Мантыкова Г. С. ата-аналарды мектептің дамуы жоспарымен таныстырды. Директордың орынбасарлары педагогикалық ұжым туралы, мектептің оқу және тәрбие жұмысында жеткен жетістіктер туралы әңгімеледі. 

Ашық есік күні концертпен аяқталды, онда мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Мектеп хоры, би ұжымы, черлидерлер, жас скрипкашылар, вокалистер Марат Султан , Русанов Влад өнер көрсетті.