Құрметті ата-аналар, қала тұрғындары!
Жаңа 2014 – 2015 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін республика бойынша «Мектепке жол» атты акция өткізу жарияланды. Аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балаларға мектепке барар дайындық кезінде демеу жасау, киім-кешектің, аяқ – киімнің, кеңсе тауарларының және т.б. заттардың жоқтығынан мектепке келмей қалудың алдын алу акцияның мақсаты болып табылады.
Мектеп жасындағы барлық балалар 1 қыркүйекте мектеп парталарына отырулары тиіс.
Ата-аналардың барлығын осы акцияға қатысуға шақырамыз.
Қайырымдылық көмек нақты отбасыға, балаға, мектепке берілуі мүмкін.
Көмекке мұқтаж балалар туралы мәліметтерді №28 жалпы орта білім беру мектебінің әкімшілігі бере алады.
Мектеп әкімшілігі