Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы
28 мектепте жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Мектепте білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Оқу жылының қорытындысы шығарылды. Мектеп қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитетінің жұмысы туралы ақпарат берілді. Мектеп психологы "Отбасының мәдени құндылықтары және олардың бала үшін маңызы "атты баяндама жасады. Сонымен қатар Білім министрлігі дайындаған роликтер көрсетілді.