Телефон доверия
8 (7182)319268
email: sosh31@goo.edu.kz
Адрес: Космонавтов көшесі 1
8 (7182)319268
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дұйсенбі - 15.00 -17.00 Сәрсенбі - 15.00 -17.00 Жұма - 15.00 -17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жаңа білім – жарқын жол
22-04-2014 08:25
Жаңа білім – жарқын жол

       Бәсекеге қабілетті білім беруде мектеп ұстаздарының жаңалыққа ұмытлуы, оқытудың жаңа технологияларын іс-тәжірибеде кең қолдануға бет бұруы – кәсіби жауапкершілікті сезінуден туындайды. Сондықтан мұғалімдердің әдістемелік жақтарын жетілдіруде тың ізденістер қажет. «Жаңа буын, жас ұрпаққа білімнің қыры мен сырын ғылыми негізде танытып, жеке тұлғаға бағытталған  білім беру – бүгінгі күннің басты талабы» - деген Елбасының сөзін жадымызда ұстап, оқу үрдісіне ден қойдық. Бұл курстың бағдарламасынан оқушыны қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін ынталы, сыни-пікір –көзқарастары жүйелі дамыту.

Ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот, қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлға. Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі», деп айтқандай адам өмір бойы оқиды.

Білімдік бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталды осы курстан,

Жарқын болашақ жолына,

Мәңгі бақи берер білім нәрін.

 

 

 

Павлодар қаласының №31 жалпы орта білім

беру мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі: Олжаева М.О.