Телефон доверия
8 (7182)319268
email: sosh31@goo.edu.kz
Адрес: Космонавтов көшесі 1
8 (7182)319268
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дұйсенбі - 15.00 -17.00 Сәрсенбі - 15.00 -17.00 Жұма - 15.00 -17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Бақытты балалық шақ
30-06-2014 16:51
Бақытты балалық шақ

        Балалық шақ - әрбір адамның ең шуақты, бақытты кезеңі. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан ата-аналар мен педагогтар оларды дені сау, өміршең, сауатты азамат етіп тәрбиелеуге бар күш жұмсайды.

       Біздің №31 орта мектепте 1 маусым- Балаларды қорғау күнін ауқымды атап өту дәстүрге айналған.

       Биыл мектеп ұжымы мерекені Ленин кенті орталығында ұйымдастырды. Мерекені «Бақытты балалық шақ» атымен өткіздік.Бағдарлама өте мазмұнды болды. Алаң шарлармен, арнайы маңдайшалармен, оқушылар дайындаған суреттер және қолөнер жұмыстары көрмесімен рәсімделген. «Бойшаң қуыршақтар» ерекше қимылдарымен жиналғандардың көңілін көтеріп жүр. «Жаз киімдері» конкурсының қатысушылары мерекенің сәнін келтірді. Жиналғандардың назарына ұсынылған музыкалық бағдарлама тартымдылығымен көпшіліктің қошеметіне ие болды. Өнерлі бүлдіршіндер асфальтқа сурет салумен айналысып, мектеп спортшылары көңілді старттар ұйымдастырды. Ерекше талабымен көзге түскен балалар сый-сияпат, марапаттарға ие болды. Балалар мен ата- аналар мерекеден көтеріңкі көңілмен риза болып тарқады.