Телефон доверия
337250
email: school33kz@mail.ru
Адрес: Байтұрсынов, 14
337303
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ардагерлерді қарттар күнімен құттықтау шарасы өтті.
04-10-2012 10:16
Ардагерлерді қарттар күнімен  құттықтау шарасы өтті.

Ленин кентінде ауыл қарттарымен  мерекелік кездесу кеші өтті. Бұл мерекелік кеште қарияларымызға  арналып концерттік бағдарлама, мерекелік дастарқан жайылды.  Іс шараға 150 ден астам қарт адамдар қатысып, ризашылығын білдірді.   Ленин кентінің әкімі Әбікен Жеңіс Сартайұлы  қарттарға  арнап жылы лебізін білдіріп,  белсенді ауылдастарымызға мадақтаулар тапсырыды. Қайырымдылық  іс – шараларға үнемі  демеушілік көрсетіп  жүрген  ЖКС «Рубиком», Жолқұдық – Элеваторы, «Қанат» шараушылығы және  жеке кәсіпкерлер «Букаев», «Каюпова», «Омаров», «Сыздыков», «Ибраев», «Джабаев », «Нұрымов» алғыс хаттармен марапатталды.  Қонақтарды  №33 жалпы орта мектебінің оқушылары әсем және мазмұнды әндерімен, билерімен қуантты. Мерекелік кештің алдында әр  қарт адамға тегін лотерея таратылды. Осы лотереяның нәтижесінде бағы  жанған қонақтарымыз бақтарын сынап әр түрлі сыйлықтарды  жеңіп алды.   Басты  сыйлық  ұялы телефондарды  Глеклер Надежда Федоровна және Гладышева  Нина Тимофеевна ұтып алды.  Осы  кездесу  алдынғы буынымыздың белсенділігін, таусылмайтын күш қуатын көрсете алды.