Ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматы
Мектебімізде 2013 жылғы 29 қарашада "Бастауыш сынып сабақтарында инновациялық әдістерді қолдану тиімділігі" атты қалалық семинар болып өтті. Бастауыш сынып мұғалімі Гүлжан Бейбітқызы Шандыбасова "Ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматы" тақырыбында тренинг өткізді. Тренингке мұғалімдер және ата-аналар қатысты.