Жыл бойы мектебімізде ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған іс-шаралар өткізілді. Бұл диспут, квест ойын, суреттер сайысы, спорттық-жиын шаралары, КТК, музыкалық сайыстар, викториналар, акциялар және т.б. түрдегі іс-шаралар болды. Әр сынып осы шараларға жауапкершілікпен қарады.Қорытынды кезең болып 15 желтоқсанда өткен салтанатты жиын болды.Мереке мектеп директоры А.Ж.Сыздықовтың ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған баяндамасына арналды. Азамат Жанайдарұлы өз баяндамасында Тәуелсіздіктің 25 жылында жеткен жетістіктерімізге тоқталды. Мектебіміздің үздік қызметкерлері мадақтамалармен марапатталды.Іс-шараны «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» мерекелік концерті қорытындылады.