Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Денсаулық күні!
11-09-2017 11:13
Денсаулық күні!

   Денсаулық күні
№ 33 ЖОМ-де барлығының сүйікті мерекесі «Денсаулық күні» өтті.
Барлық сыныптар мектеп алдында өз сынып жетекшілерімен кездесті. Оқушылардың көңілді жүздеріне қарап, жеңіске ұмтылып тұрғандары бірден байқалды. Мектеп директоры А.Ж.Сыздыков барлық оқушыларды мерекемен құттықтады.
Арқан тарту сайысы өте қызықты өтті. Бұл сайыста 6 «Г» сыныбына тең келер ешкім болған жоқ. Баскетбол ойыны бойынша тартысты жарыста 7 сынып жеңіске жетті. Өзінің жеңіске деген үлкен құлшынысын көрсету арқылы 5 «А» сынып оқушылары белсенділік танытты. Веложарыстың алғашқы жеңімпаздары да анықталды: Измайлов Данил (7сынып), Кабенов Эмиль (5 «а» сынып), Муташев Темирлан (6 «в» сынып).
Жарыстар аяқталып, барлық оқушылар сергек және көңілді күймен «Денсаулық күнін» естеріне алып, үйлеріне тарады.