Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
![Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы](/media/img/blogs/5a1d0547c551c.jpg)
Республикалық «Бала құқығы – адам құқығы» онкүндігі аясында 2017 жылғы 24 қараша күні мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді .
Балаларға деген қатыгездік қатынас пен балаларға қатыгездік көрсетпеу туралы ақпарат тарату, зорлық әдістері қолданылатын тәрбиені болдырмау мақсатында, ата-аналар қауымы алдында әлеуметтік педагог Г.Қ.Матаева «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында баяндама оқыды.