Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ІІ Махамбет оқулары
25-04-2011 05:07

     2011 жылғы 22-сәуірде №35 ЖОМ-да қалалық ІІ Махамбет оқулары өтті. Қалалық   ІІ Махамбет оқуларының ашылу салтанатын мектептің өнерпаздары шырқаған әсем әндерімен, күмбірлеген күйлерімен, мың бұралған билерімен әрлендірді. Мәжіліс залы мен оқулар өтетін кабинеттер безендіріліп, қатысушыларға зор әсер қалдырды.

   Қалалық ІІ Махамбет оқуларына мектебімізден "Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын" номинациясы бойынша мәнерлеп оқудан 8 "А" сынып оқушысы Тлеубаев Рүстем қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

   "Ұлы арман" номинациясы бойынша Махамбет күйлерін орындаудан 7 "А" сынып оқушысы Джамекова Аяулым І орын, 6 "А" сынып оқушысы Рамазан Дариға ІІ орынды иемденді.

   Жеңіске жеткен мектебіміздің аталған оқушыларын құттықтап, болашақта үлкен жетістіктерден көріне берулеріне тілектеспіз!