Интеллектуалды ойын
Тілдер күніне орай қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша 5-сыныптар аралығында интеллектуалды ойын өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа баулу.
Тапсырмалар бірнеше кезеңнен тұрды. Оқушылар сайысқа белсене қатысты.
Сайысты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері А.С.Смагулова мен А.Е.Мундуинова ұйымдастырды.