Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Джунгли шақырады" сауықтыру лагерінің қорытындысы
28-06-2011 05:54

Мақсаты:

     2011 жылғы жазғы демалыс мерзімінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылық, балалар бақылаусыз жүруін болдырмау үшін, сауығуын, демалысын ұйымдастыру.

Міндеттері:

1.     Балалардың мәдени демалысы мен сауығуы үшін жағдай жасау.

2.     Жазғы уақытта балалардың мейлінше көп бос болмауын қамтамасыз ету.

     Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында бастауыш сынып оқушылары үшін мектеп жанында «Джунгли шақырады» сауықтыру лагері ұйымдастырылды. Лагерде барлығы 105 бала демалды. Оның ішінде 27 бала аз қамтамасыздандырылған жанұядан болды. Осы оқушылардың алтауы 50%-ын төлеп демалды. Лагерде барлығы 5 топ құрылды.

1-топ: «Хатхи»

2-топ: «Багира»

3-топ: «Балу»

4-топ: «Шерхан»

5-топ: «Акела»

     Бұл топтардың осылай аталу себебі де лагердің жалпы «Джунгли шақырады» аталуына байланысты әр топтың өз ұраны топтық әні, атрибутикасы таңдалып алынды. Лагерь басшысы қызметіне Кабышева Сәуле Қабдоллқызы тағайындалды. Лагерде жиналған балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі. Бірақ соған қарамастан олар өте тату және ұйымшыл болды. Лагердің алғашқы күнінен бастап балалар өзін тек жақсы жақтарынан көрсетті.

     Лагердің жоспары бойынша үнемі қызықты іс шаралар өткізіліп тұрды. Әрбір күн көңілді болуы үшін тәрбиешілер түрлі сайыс ойындар өткізді. Атап айтсақ: «Болады әр елдің өз астанасы», «Таңғажайып алаң», «Денсаулық карнавалы», «Бантиктер күні», «Суреттер сөйлейді». «Ең тәтті кәмпиттер», «Қара жорға би сайысы» және т.б. сайыстары.

     1 маусым - Балаларды қорғау күні 80 оқушы Қалалық мәдениет сарайына барды. Мұнда мерекеге арналған құттықталар, әсем әндермен, әсерлі көріністермен көпшіліктің көңілі көтерілді. Сонымен қатар оқушылар жұмасына 2 рет «Шымыр», «Нептун» һауыздарына, кинотетрларға, мұражайларға барып тұрды. Бұдан басқа да мәдени ойын-сауық орталықтарына жорықтарға шықты. Оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін оятатын, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Жарқырап жайнай берші, Астанам», «Рәміздердің қасиетті белгілері», «Болады әр елдің өз астанасы» атты топтар арасында шаралар өткізілді.

     Лагерь басталғаннан бастап «Джунгли жұлдыздары» ән-би сайысы жүрді. Лагердің жабылуы қарсаңында осы сайыстың қорытындысы айтылып, номинациялар бойынша оқушылырдың басым көпшілігі мақтау қағаздары мен сыйлықтар алды. Лагердің жабылуына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, топ арасында викториналық сайыстар балалрдың көңілінен шықты.

     Жалпылай келгенде лагерь негізінен қойылған мақсаттарына жетті деуге болады.  

Лагерь басшысы: Кабышева С. Қ.