1-қыркүйек күні мектебімізде «Сыңғырла қоңырау» тақырыбында салтантты жиын өткізілді. Жиынға әкімдік қызметкер Сембаев Жомарт Хабибуллаұлы мен облыстық әлеуметтік бағдарламалар мен еңбекпен қамту басқармасының бастығы шақырылып, мектеп оқушылары, ұстаздары қатысты. 2012-2013 оқу жылында мектебімізде төрт 1 сынып ашылып, 93 бүлдіршін мектеп табалдырын аттады.
1 қыркүйек күні барлық сыныптарда «Мемлекеттік рәміздер-Ұлттық мақтаныш» тақырыбында бірыңғай сабақтар өткізілді.
Білім сабағының мақсаты балаларды мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге, авторларын, тарихын білу, өз Отанын, жерін сүюге, оның халқының салт-дәстүрін білуге үйрету, санасы мен жүрегіне жеткізу. Сабақтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 20-жыл болғандығы, оның бүгінгі күні өміршеңдігі дәлелденгенді туралы айтылды. Бастауыш сыныптарда ойын, саяхат, ертеңгілік сабақ түрінде өткізілсе, жоғарғы сыныптарда пікірталас, дөңгелек үстел түрінде өткізілді. Сабақтарда мұғалімдер Қазақстан Республикасының Ата Заңын, Балалар құқықтары туралы Заңын, тәрбие кешенді бағдарламасын негізге алды. Өз сабақтарында мұғалімдер Мемлекеттік рәміздердің қабылдануына, тарихына, Қазақстан Республикасы бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың елдің тұрақтылығы мен өркендеуіндегі ерең еңбектеріне ерекше тоқталды.