№35 жалпы орта білім беру мектебіндегі «Өзін-өзі тану сабақтарындағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялар- оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру құралы» тақырыбынды қазақ тілінде оқытатын сыныптар мен мектептерге арналған семинар өткізілді.
2013 жылдың 24-сәуірде №35 жалпы орта білім беру мектебінің қабырғасында «Өзін-өзі тану сабақтарындағы ақпараттық- коммуникативтік технологиялар- оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру құралы» тақырыбынды қазақ тілінде оқытатын сыныптар мен мектептерге арналған семинар өтті. Семинар барысында 6 «А» сыныбында Шегебаева Жадыра Қайырбековна«Шындық шыңы -ақиқат» тақырыбында, 4«А» сыныбында Жомартова Назым Жастлековна «Денсаулық-өмір негізі» тақырыбында,
3 «А» сыныбында Аманжолова Гүлнәр Жастлековна «Жаны саудың-тәні сау» тақырыбында ашық сабақтар өткізіліп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында №17 ОМ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Самал Сәтбековна «Өзін-өзі тану сабақтарында АКТ-ны қолдану» жұмыс тәжірибесі туралы баяндамасын оқыды. Семинарға №2, №4, №12, №20, №22, №24, №25, №38 мектептерінің өзін-өзі тану пәні мұғалімдері қатысып, алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.