Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Тіл – рухани негізіміз» атты тілдер айлығы
02-10-2013 04:20
«Тіл – рухани негізіміз» атты тілдер айлығы

2013 жылдың 2-28 қыркүйек аралығында  мектебіміздің тіл пәндері мұғалімдері «Тіл – рухани негізіміз» тақырыбында  тілдер айлығын жоспарлап, іс-шаралар ұйымдастырды. Тақырыпқа сай мектеп кіре берісі безендендірілді. Айлықтың ашылуына арналған салта-натты жиыннан басталған іс-шаралар түрлі тақырыптарда өтті. Айлықтың мақсатына сай балалар қолданыстағы тілдердің маңызы мен қолданылуы, дамуы туралы ақпараттар алды.

     Айлықтың аясында  қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің өткізген іс-шараларына тоқталсақ:

     8 «А» және 9 «А» сынып оқушылары  аралығында өткен «Зула, менің жыр-күймем...» тақырыбындағы әдеби кеш «Бір ел – бір кітап» акциясына орай ақын Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналды.  Әдеби кеште ақиқаттың алдында арым таза дей алатын, халық атты қадірлінің алдында жаным таза дей алатын, жыр жүректі елдің – бұлбұлы, тұлпар тұлғалы қазақтың – дүлдүлі  атанған Фариза ақынның «Дауа» өлеңдер жинағынан өлеңдер оқылып, ақынның шығармашылығы туралы замандастар пікірлері талданды. Ақынның өскен ортасы, шығармашылығы туралы слайд көрсетілді. Елін елжіреп сүйген ақынның шығармалары балаларды отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеуде әсері мол деуге тұрарлық. Ұйымдастырған пән мұғалімі – Нәжім Мейрімхан Бахрадинқызы.

      6 «А» сыныбында өткізілген «Кемел білім – келешек кепілі» танымдық сайысы да өз мақ-сатына жетті. Толғауы тоқсан туған тілімізді, сөз өнерімізді дәріптеген сайысқа «Алғырлар», «Зеректер», «Тапқырлар» топтары қатысып, терең білімдері мен ұшқыр ойларын ортаға салып, оқушылар белсенділік танытты. Сайыс төрт бөлімнен тұрды: «Тіл – таным», «Тіл – тарих», «Тіл – тағылым», «Тіл – өнер». Балалар өз білім-біліктіліктерімен танылып, тіл тақырыбына өздері жазған өлең, шығармаларын оқыды. Пән мұғалімі – Үзбен Айна.

      7 «Ә» сыныбында «Мақал – сөздің мәйегі» атты сайыс өтті. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашып, мағынасын түсіндіріп, оқушылардың тілдерін жаттықтыру мақсатында ұйым-дастырылған сайыста төрт айналым болды. Сайысқа қатысушылар мақалдардың тақырыбын анықтап, мақал-мәтелдер құрастырып, мақал-мәтел айтып жарысты. Барлық айналым қорытындысы бойынша Сансызбаева Анель жеңіске жетті. Пән мұғалімі – Тукай Ботагөз.

     «Қазақ тілі – жарқын болашақ» тақырыбындағы танымдық сайыстың мақсаты сөз өнері-нің өміршеңдігін ұғыну, сөз құдіретін дәріптеу болды. Сайыс «Сөз мәнері», «Тіл білімі» бағыттарынан тұрды. Сайысқа қатысқан 8-сынып оқушылары өлеңдерді мәнерлеп оқып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша сұрақтарға жауап берді. Ана тіліміздің қадір-қасиеті туралы ойларын ортаға салды. Пән мұғалімі – Қайдарова Сәуле Ерсайынқызы.

     Мектеп кітапханашысы Карибаева Айжан Кабдығалымқызының ұйымдастыруымен «Тілім менің, қазынам, қасиетім» тақырыбындағы ауызша журналға 5-сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың ана тілінде таза сөйлеуін, өз тілін құрметтеуін мақсат еткен шарада тіл тарихы мен мәдениеті туралы ақпараттар беріліп, тақырыпқа сай түрлі қойылымдар қойылды. Қанша тілді білсек те, ана тілінің бағасын білу туралы сөз қозғалды.

       Айлық қорытындысында іс-шараларға белсенді қатысқан оқушылар алғыс хатпен, мадақтама қағаздармен марапатталды. Оқушылар іс-шараларға белсенді қатысып, тілдің құрметін танып, тұлғалық құзыреттіліктерін шыңдай білді. Айлық барысында өткізілген шаралардың білімдік, тәрбиелік мәні жоғары болды деуге болады.

                        ӘБ жетекшісі:  Нәжім Мейрімхан Бахрадинқызы