Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
2013 жылғы 11желтоқсан күні №35 мектеп оқушыларының оn-line-де өткізілген интернет-сабаққа қатысуы
11-12-2013 10:09
2013 жылғы 11желтоқсан күні №35 мектеп оқушыларының оn-line-де өткізілген интернет-сабаққа қатысуы

    Мектебімізде 2013 жылғы 11 желтоқсан  күні Павлодар облысының санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департаменті мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен оқушылар мен мұғалімдерге арналған «Жұқпалы вирустық аурулардың  және тұмаудың алдын алу» тақырыбындағы онлайн – сабақ өткізілді.

    Онлайн – сабақта Павлодар облысының санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитеті департаментінің қызметкері Шадиева Зайпа Қайсақызының дәрісі тыңдалды.  Дәрісті 6 сынып оқушылары мен мұғалімдер тыңдады. Сабақ өту барысында оқушылар мен мұғалімдер грипп  (тұмау) — вирустар қоздыратын жұқпалы ауру, оған шалдыққан адамның жоғарғы тыныс жолдары зақымданып, ағзасы уланатыны және гриппен ауырған адамнан сау адамға тез таралып, жылдың кез-келген маусымында ересектерге де, балаға да жұғатыны туралы айтылды. Сонымен қатар вирустың  жұғу жолдары, аурудың асқынуы, алғашқы белгілері және алдын алу шаралары туралы  мәліметтер берілді.