«Шаттыққа толы жүрекпен»
«Шаттыққа толы жүрекпен» онкүндігі аясында 8 ақпан 2014 жылы № 35 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Этекбаева Бақыт Боранбаевна өзін-өзі тану пәні бойынша «Батылдық пен өжеттілік» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың « халық», « Отан», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міңдеттері:
- Батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру
- Шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту
- Батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Оқушылар халық, Отан туралы өз ойларын айтып, пікір бөлісті.