Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Наурыз мейрамы
28-03-2014 05:36
Наурыз мейрамы

    Міне, шуақты да шырайлы мерекеміз - Наурыз мейрамы да келіп жетті.

    Наурыз – қазақ халқы үшін береке-бірліктің, ел-жұрт, ағайын-туыс арасындағы татулықтың, ерен еңбектің, жаңарған тіршіліктің ұлы символы.

    22 наурызда күн мен түн теңеледi. Табиғат гүлге, өріс төлге толғанда, адам жаны да жаңарып, жасарып, жүрегі әсем әнді, әуезді жырды аңсайды.

    Мектебімізде Наурыз мерекесін тойлау қарсаңында 5 ауыл болып бөлініп қабаттар арасында сайыс ұйымдастырылды. 1 қабатта –4ә, 4а, 1а, 1б, 1ә, 3а, 3ә сыныптарынан Ш.Аймановқа 100 жылдығына орай «Шәкен» ауылы бой көтерді. 2-қабаттың оң жағында - 2а, 2ә, 2б, 2в, 4б, 4в, 3б, 1в сыныптарынан  Мүбарак Жаманбалиновтың 90 жылдық мерейтойына орай  «Мүбарак» ауылы бой көтерді. 2-қабаттың сол жағында 7ә, 9ә, 11ә, 6ә, 6б сынып оқушыларынан Ж.Аймауытовтың 120 жылдық мерейтойына орай «Жүсіпбек» ауылы бой көтерді, 3-қабатта 8а, 10а, 11а, 5ә, 5б, 7а сынып оқушыларынан  Қ.Сатпаевқа 115 жылдығына орай  «Қаныш» ауылы бой көтерді.  4-қабат 5а, 6а, 7ә, 7б, 8ә, 8б, 9а сынып оқушыларынан Әлкей  Марғұланның 175 жылдығына орай  «Әлкей» ауылы бой көтерді. Әр ауылда мерейтой иелерінің өмірінен көріністер көрсетіліп, шығармалары оқылды. Сонымен қатар «Қымызмұрындық»,«Қазан шегелеу», «Қыз көру», «Көгентүп» дәстүрлері көрсетілді. Іс-шарада ауылдың безендірілуі,қатысушылардың белсенділігі, костюмдері, іс-шараның мазмұндылығы (ауыл атауына сәйкес мерейтой иегерінің өмірінен көрініс көрсету, өлеңдерін оқу т.б) салт-дәстүрді көрсету шеберліктері бағаланды.

    «Наурыз-шашу-2014» мерекелік сайыстың қорытындысын бойынша 2014 жылдың  «Ең үлгілі ауылы» номинациясына  «Жүсіпбек», «Қаныш» ауылдары ие болды. «Шәкен» ауылына  «Ең әдемі», «Мүбарак» ауылына  «Ең көңілді», «Әлкей» ауылына  «Ең жайлы» ауыл номинациялары берілді.