Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Ең жасылдандырылған сынып бөлмесі» сайысы
15-04-2014 05:51
«Ең жасылдандырылған сынып бөлмесі» сайысы

«Ең жасылдандырылған сынып бөлмесі» сайысының қорытындысы

    Мектебімізде сәуірдің 17, 18 күндері аралығында қыркүйек айында жарияланған «Ең жасылдандырылған сынып бөлмесі» сайысының қорытындысы жасалды. Сайыстың мақсаты мен міндеттері: сынып бөлмелерінде жайлы жағдай қалыптастыру, оқушылардың бойында экологиялық білімдерін арттыра түсіру, қоршаған ортаның адамның денсаулығына әсері туралы білімдерін жетілдіру.

    Сайысқа барлығы 38 кабинеттің 25-і қатысты. Бұл 35% ды құрайды. Әділ-қазылар сыныптардың жасылдануын алдын ала берілген бағалау критерийлері бойынша бағалады.

   - кабинеттің жалпы санитарлық тазалығы (0-3 ұпай)

   - бөлме өсімдіктерінің саны (0-10 ұпай)

   - бөлме өсімдіктерінің сырт келбеті (0-3 ұпай)

   - гүлдер отырғызылған құмыралардың сырт келбеті, түс үйлесімділігі (0-3 ұпай)

   - бөлме өсімдіктерінің алуан түрлілігі (0-5 ұпай)

   - кабинетте бөлме өсімдіктерінің эстетикалық үйлесімділігі (0-3 ұпай)

   - өсімдіктердегі гүл атауларының жазылуы (0-5 ұпай)

   -оқушылар сыныптардағы өсіріп жатқан бөлме өсімдіктерінің пайдасы туралы мәлімет беріп,қорғауы(0-10 ұпай)

    Сайыс  кабинет жетекшілерінің сынып бөлмесін жасылдандыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізгендіктерін байқатты. Әсіресе 11, 13, 14, 17, 22, 25, 31, 33, 41, 40 кабинет меңгерушілерін атап өтуге болады.Кабинеттердің жалпы санитарлық жағдайы жақсы. Ең көп бөлме өсімдігі өсірілген №11, 12, 13, 14, 21, 22, 25, 26, 27, 29, 31,33,35, 40, 41, 42, 44 (10 нан жоғары) кабинеттерінде. Бөлме өсімдіктерінің сырт келбетінің жағдайы №10,11,12,13,14,16,17,21,22,25,31,41 кабинетте жақсы деңгейде. № 11, 13, 14, 16, 17, 26, 31, 35, 41, 42 кабинеттерде гүлдер отырғызылған құмыралардың сырт келбеті, түс үйлесімділігі талапқа сай. Бөлме өсімдіктерінің алуан түрлілігі №12, 13, 21, 22, 25, 26, 31, 40, 41, 42 кабинеттерде байқалды. №11, 12, 13, 14, 16, 17, 22, 24, 25, 26, 31, 35, 41 кабинеттерде бөлме өсімдіктерінің эстетикалық үйлесімділігі, яғни гүлдер отырғызылған ысдыстарының пішіні, түсі біркелкі. №11, 13, 21, 22, 24, 31, 41 кабинтенттердегі өсімдіктердегі гүл атауларының талапқа сай кейбірі 2 тілде және шығу отанын да жазып қойған. №11, 13, 25, 31 кабинеттерде өсіріп жатқан бөлме өсімдіктерінің пайдасы, маңызы туралы, оның пішіні, өсіп-жетілудің, өзгешелігі, шыққан жерлері туралы айтып, гүлдерінің  қасиеттері туралы, халықтың ырымдары туралы қызықты ақпарттар берді және осы сынып оқушылары өздерінің жұмыс бөлмесінің өсімдіктері жайлы  жақсы ақпартаталған. Ерекше атап өтетін № 13, 31 кабинет меңгерушілері Жаркина К.К, Махамбетова Б.К. оқушыларымен «Бөлме өсімдіктерін қорғау және күту» тақырыбында бөлме өсімдіктері паспорты мен оқушылардың жинаған рефераттары мен мәліметтері жинақталған арнайы папка жасақтаған. Ал 31 кабинет меңгерушісі Жаркина К.К сыныпта лимон ағашын өсірген. Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша 1-орын 13, 31кабинет, 2-орын- 41 кабинет, 3-орын 11, 22 кабинеттерге берілді. Ал 25 кабинет оқушылары 1в сыныбы ең кішкентай қатысушылар болса да, бөлме өсімдіктерінің пайдасы туралы мәлімет беріп, ерекше қорғағаны үшін  «Ең жайлы» номинациясы берілсе, дәл осы номинация 41 кабинетке кабинет меңгеушісі Кайдарова С.Е. беріледі. Бұл сынып шығармашылықпен қарап «Гүлдер бақшасы» тақырыбында қорғады.