Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болу - мұғалімнің міндеті
02-10-2014 06:10
Өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болу - мұғалімнің міндеті

      Өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болу - мұғалімнің міндеті

    Білім беру мазмұнындағы жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы   еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы  қалыптаспақ. Осы тұста мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімімен,  ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді.  Осы ретте орталық тренерлері  сертификатталған мұғалімдермен жаңа әдістерді мектеп тәжірибесіне енгізу  мақсатында өзара ынтымақтаса қызмет етеді. Сертификатталған мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіп, бағдарлама әдістеріне қызығушылық білдерген облыстағы пән мұғалімдеріне  іс-сапарлар өткізіп тұрады.

    Соның дәлелі ретінде  қыркүйек айының 23-і күні мектебімізде Астана қаласының ПШО тренері Нөгербаев Төлеген  Кәкімұлы қонақта болды.   Lesson Studi  үдерісі  бойынша жүргізіліп жатқан 8 «а» сыныбындағы география сабағына қатысты. Сабақ барысында оқушылар белсенді әрекет арқылы жаңа тақырыпты өздігінен  меңгеріп, сабақ тақырыбы бойынша 1- топ таныстырылым жасаса,  2,3- топтар көрініс көрсетіп, постер қорғады. Сабақтың соңында оқушылар бұл тақырыптың маңыздылығын аша отырып, тренерге өз  үндерін жеткізді. Оқушылар топпен жұмыстың өздеріне қызықты, әрі ұнайтындығын айтты. Бұдан кейін  тренер деңгейлік курстан өткен 19 мұғаліммен пікірлесіп, кәсіби көмек көрсетті. Мұғалімдер өздерінің көкейлерінде жүрген өзекті сұрақтарына жауап тапты. Тренер ұжым жұмысына қанағаттанып, атқарылып жатқан шаралардың бүгінгі таңда маңызды екендігін, мектеп тақырыбының басымдықтарға сәйкес дұрыс таңдалғандығын  және жұмыс барысына көңілі толатындығын айтты. Сонымен қатар  мектеп ұжымымен кездесіп, бүгін таңда білім берудегі маңызды мәселелерге тоқталды.

    Кездесу соңында ата-аналармен сұхбаттасып, бағдарламаның идеясы туралы ой бөлісті. Ата-аналар өз кезегінде балаларының оқуға белсенділігі мен қызығушылығы артқандығын, сабақтардың баларына ұнайтындығын айтты.

    «Lesson Studi  үдерісін  жүзеге асырудың тиімді жолдары» тақырыбындағы коучинг-семинар да өз деңгейінде өтіп, мұғалімдердің кәсіби дамуына септігін тигізді.

    Тренермен өткен кәсіби әңгімеден кейін ұстаздарымыз өз жұмысына жаңа серпін алғандай болды.

 

Жунуспаева Қ.Х, Узбен А.