Қаңтардың 5-і күні мектеп кітапханасында 2 «Г» сынып оқушыларының қатысуымен «Жаңа жылды әр елде қалай қарсы алады» деген тақырыпта іс-шара өтті. Оқушылар әлемдегі әр елдердің жаңа жылды қары алу дәстүрімен танысты, оқушыларға наурыз мерекесі туралы, жаңа жылды наурызда да тойлайтынымыз жайлы айтылды. Балалар өздерінің отбасында жаңа жылды қалай қарсы алғандары жайлы ой бөлісіп, өлеңдер, тақпақтар оқыды. Соңынан оқушылармен «Әліппе», «Жаңа жылдық тілектер сайысы» атты ойындар ойнатылды, жұмбақтар шешілді. Оқушылар қысқы каникул кезіндегі салған суреттері бойынша марапатталып, шырша жанында суретке түсті.
Карибаева А.К.