Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"ЭКСПО-2017" тақырыбындағы шара
07-11-2016 12:28
1 қараша күні №35 ЖОББМ мектеп оқушылары экология және туризм балалар- жасөспірімдер орталығымен келісілген жоспар бойынша экологиялық мектептің қонағы болып қайтты. Мектептің ішін, ондағы кішкентай тіршілік иелерін тамашалаған балаларға, педагог-қызметкерлер "ЭКСПО-2017" тақырыбындағы шараға қатысты. 2017 жылы елімізде осындай үлкен шара өтетіні балалардың көбіне мәлім. Олар өз білетіндерін ортаға салып, ЭКСПО-ның Қазақстан үшін маңызына тоқтала білді. Ал Экологиялық мектептің ұстаздарынан ЭКСПО тарихы, Астанадағы ЭКСПО алаңдары, ғаламтордағы ЭКСПО сайты, оның билеттерінің құны туралы ақпараттар алды. Сонымен қатар оқушыларға Қазақстанда өткізілетін ЭКСПО-ның тақырыбы - "Болашақ энергиясы" екені айтылды. Яғни табиғи қуат көздері, қуатты үнемдейтін құрылғылар туралы көп мәлімет берілді. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар альтернативтік күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік беретіні туралы айтылып, ЭКСПО - ның пайдасы қандай болатыны туралы пікірлерін ортаға салып, қорытынды жасады. Екі жақ үшін қызықты өткен кездесу әлі де жалғасын табуы әбден мүмкін.