Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Отбасы – шағын қоғам.
09-12-2017 05:45
Отбасы – шағын қоғам.

      Республикалық «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқан аясында №35 жалпы орта білім беру мектебінде мектепішілік іс-шаралар жоспарланды.
       Науқанның ұраны: «Балалық шақ – мейірімділік мекені».
       Ақпараттық науқанның мақсаты: балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне қоғамның назарын аудару, балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынасын қалыптастыру.
      Ақпараттық науқанның міндеттері: қоғамның, оның ішінде үлкендер мен балалардың: қатыгездікпен қарау мәселесі және оның бала мен қоғам үшін зардаптары туралы; осы салада халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы хабардарлығын арттыру; еліміздің кез келген аймақтарында тілшілерді балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау мәселелерін жариялауға тарту.
       Іс-шара негізінде «Көше», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы бала» (рейд), «Бала зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге құқылы» атты ата-аналармен өткізілетін кеңес пен «Ата-ананың отбасындағы рөлі» (ата-аналар арналған баяндама), ал оқушылармен (5-сыныптар) «Отбасы – шағын қоғам» танымдық сағаты өткізілді. Мектепішілік іс-шараларға ата-аналар, оқушылар мен ұстаздар тартылды.
        5 «А», «Ә», «Б» сыныптар арасында ұйымдастырылған «Отбасы – шағын қоғам» танымдық сағатының мақсаты – отбасының қоғамдағы рөлін білу, жанұядағы сыйластық пен адамгершілікке, инабаттылыққа және отбасының мүшелеріне деген махаббат пен құрметке тәрбиелеу.
      Танымдық сағат барысында оқушылар топқа бөлініп, топ атауы мен ұранын шығарды. Топқа берілген тапсырмаларды орындады. Әр топ отбасына байланысты мақал-мәтелдер айтып, сайысқа түсті. Іс-шара соңында оқушылар «Әдемі үй» тапсырмасында қиялындағы үйді салуға тырысты. Салынған суреттерінде тек отбасы мүшелері ғана емес, адамзат баласының дамып жетілуіне қажетті тұрмыстық жағдайларды да ашық көрсете алды.
       Танымдық шара оқушылар көңілінен шықты. Бұл шарада жеңгендер мен жеңілгендер болған жоқ. Жеңімпаз – біреу ғана, ол – достық. Достық – адамзат баласын бірлік пен жеңіске, жетістікке апаратын жол.


А.Е.Мундуинова
№35 жалпы орта білім беру мектебі