Телефон доверия
8 (7182)53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Айманова, 37
8 (7182)53-71-04
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 14.00 до 19.00, Пятница с 14.00 до 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Военно-патриотическая игра «Алау»
27-02-2018 01:45
Военно-патриотическая игра «Алау»

      Павлодар қаласының №35 мектебінде 15 ақпан күні Кеңес әскерлерін Ауған жерінен шығарылуының 29 жылдығына арналған дәстүрлі мектепішілік «Алау» әскери-патриоттық ойынын өткізілді. Жарыстың мақсаты: оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді және батыл жігерлі рухты тәрбиелеу, салауатты өмір салтын дәріптеу, экстремалды және төтенше жағдайларда жауынгерлік жеке қасиеттерді қалыптастыру, бірлесе топтық ұжымда әрекет жасау болып табылады. Ойын бес бөлімнен, атап айтсақ, «саптық байқау», «капитандар сайысы», «медициналық топ сайысы», «барлаушылар тобының сайысы», «жедел топ құрамының сайысы» аталымдардан құралды. Ойынға 7-8 сыныптардан 6 команда қатысты.
     Ойын қорытындысы бойынша, әділқазылар шешімімен 1 орынды 7 «ә» сыныбының «Жасұлан» командасы, 2 орынды 8 «ә» сыныбының «Көк тарландар», 3 орынды 7 «а» сыныбының «Жалын» командасы иеленді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!