Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Асық ату жарысы
10-12-2018 00:50
Асық ату жарысы

      2018 жылдың 8 желтоқсаны күні қала мектептері арасында асық ату жарысы өткізілді. Оған қаламыздың отызға жуық мектебі қатысты. Біздің мектебіміздің қыздар және ұлдар құрама командалары да бұл жарыста бақтарын сынады. Топтық кезеңнен екі команда айқын басымдылықпен алға шығып, жартылай финалдан сүрінбей өтті. Финалға шыққан 4 мектептің арасында болған сайыста қыздар құрама командасы ІІІ, ал ұлдар құрама командасы І орынмен марапатталды. Оқушыларға Қалалық спорт комитетінің грамоталары мен медальдары тапсырылды. Сайыскерлеріміздің жетекшісі Байжырыков Думан Бекмухамбетұлын және жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз, толағай табыстар тілейміз!