Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттау, дарынды балаларды анықтау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында облыстық «Әбіш оқулары» өткізілді. «Иллюстрациялық суреттер» бағыты бойынша 9 «а» сынып оқушысы Рахатбек Азиза (мұғалімі: Кайдарова С.Е.) Ә. Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салуда ІІІ орынды иеленсе, «Мәнерлеп оқу» бағытында 7 «ә» сынып оқушысы Жанабаева Айдана (мұғалімі: Табикенова К.С.) Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан (прозасы, поэзиясы) мәнерлеп үзінді оқудан ІІІ орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
«Әбіш оқулары» өткізілді