Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып, өткізілген іс-шаралар туралы
01-02-2021 11:32
1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып, өткізілген іс-шаралар туралы

21-25 қазан аралығында біздің мектептің оқушылары мен мұғалімдері ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған онлайн-іс-шараларды дайындауға және өткізуге белсенді қатысты.

1-9 сынып оқушылары Тұңғыш Президент күніне арналған "Менің Отаным – Қазақстан" суреттер байқауына қатысты. Байқаудың мақсаты шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру; балалардың сурет салу саласындағы дарындылық белгілерін анықтау; өз Отанына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу болды. Балалар бұл байқауға қызығушылықпен және ерекше белсенділікпен қатысты. Суреттер жарқын және мазмұнды болды.

Мектеп кітапханасында "1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні" атты кітаптар мен журналдардың бейнеролигі түсіріліп, сынып чаттарына жіберілді

25 қарашада 7-9 сынып оқушыларымен Азаматтық және патриотизм негіздерін қалыптастыру мақсатында музыка мұғалімі Ивашкина О. Ж.. «Пою о тебе и тобою живу» онлайн ән байқауын өткізді.

Сондай-ақ, "Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы" тақырыбында онлайн  жалпымектептік сынып сағаты өткізілді, мақсаты мен міндеттері оқушылардың Қазақстан халқының Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы білімдерін тереңдету; оқушылардың азаматтық жауапкершілік сезімін, өз елі алдындағы азаматтық борышын қалыптастыру; Отан мүддесіне қызмет етуге дайындығы мен қабілеті; оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Өткізілген барлық іс-шаралар оқушылардың азаматтық патриотизмін қалыптастыруға, өз елі мен президенті үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал етті.