Бейсембаева Дина Александровна - ЗДУР, учитель истории и географии
Педагогикалық ұжымның ағымдағы және перспективалық қызметін жоспарлауды ұйымдастырады, мектептің оқу жұмыс жоспарын жасайды.
Гуманитарлық циклдің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша мұғалімдер мен басқа да педагогикалық қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді.
Қажетті оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады және үйлестіреді. Әдістемелік кеңес, ЖММ жұмысын жүргізеді, мектептегі әдістемелік жұмысты басқарады.
PISA, TIMSS дайындау және өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Педагогикалық қызметкерлерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруде және әзірлеуде көмек көрсетеді, инновациялық педагогикалық тәжірибені жетілдіру және жинақтау бойынша мұғалімдердің жұмысын үйлестіреді.
Педагогикалық кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады, шығармашылық бірлестіктердің жұмысына басшылық жасайды, мектеп педагогтарының курстық қайта даярлануын уақытылы қадағалайды.
Мектептің педагогикалық және басқа да қызметкерлерін аттестациялауды өткізуге және дайындауға басшылық жасайды.
Мектепте үш тілді оқытуды енгізу бойынша эксперименттік жұмысты үйлестіреді.
Гимназиялық сыныптарда, пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда жұмысты үйлестіреді.
Педагогикалық ұжымның дарынды оқушылармен жұмысын үйлестіреді, олимпиадаларға, ғылыми конкурстар мен жарыстарға, семинарларға, ғылыми – практикалық конференцияларға дайындықты ұйымдастырады.
Назаренко Ольга Владимировна - ЗДВР, учитель начальных классов
Білім алушылармен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды және оны өткізуді ұйымдастырады.
Педагогикалық қызметкерлерге инновациялық тәрбие бағдарламалары мен технологияларын игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді.
Үйірмелер мен секциялардың сабақ кестесін жасайды; уақытша болмаған сынып жетекшілері мен басқа да тікелей бағынысты педагогтарды уақтылы және сапалы ауыстыруды қамтамасыз етеді.
Білім алушылардың ұжымдарына мәдени-ағарту және сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсетеді.
Білім алушылардың мектеп оқушыларына арналған Жарғы мен ережелерді сақтауын бақылайды.
Сынып жетекшілерінің, басқа да тікелей бағынысты қызметкерлердің білім алушылардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындауын қамтамасыз етеді; тәрбие жұмысын, білім алушылардың қоғамдық пайдалы еңбегін еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне қатаң сәйкестікте ұйымдастырады;
Сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсетеді, соның ішінде білім алушылардың еңбегін қорғауды қамтамасыз ету, жарақаттану мен басқа да жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері бойынша.
Білім беру мекемесінен тыс білім алушылармен тәрбиелік іс-шаралар мен жұмыстарды жүргізу кезінде санитарлық-гигиеналық нормаларды, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды, ережелерді сақтауды бақылайды және орындау бойынша шаралар қабылдайды.
Мектептен тыс тәрбие бойынша бірлескен қызмет үшін мектептің балаларға қосымша білім беру мекемелерімен, басқа да ұйымдармен байланысын орнатады және қолдайды.
Патриоттық тәрбие, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарға жетекшілік етеді және бақылайды, бағдарламалар мен жоспарларды әзірлейді, осы бағыттар бойынша оқушылардың графиктері мен тізімін жасайды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің қызметін басқарады, Павлодар ауылы әкімінің жанындағы 0оғамдық кеңеспен ынтымақтасады.
Мектепте аз қамтылған, көп балалы, толық емес, қолайсыз отбасылардағы, жетім балалардың тамақтануын ұйымдастырады. Тамақтанатын балалардың санын арттыруға ықпал ететін іс-шаралар өткізеді.
Перевёртова Елена Алексеевна
Жаратылыстану-математикалық циклдің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша мұғалімдер мен басқа да педагогикалық қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау мәселелерін бақылайды.
Сыныптарды жинақтау бойынша жұмысты үйлестіреді, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды.
Оқушылардың үйде оқуына жүйелі бақылауды жүзеге асырады, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады.
Оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауын бақылайды.
Педагог қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу табелін, педагог қызметкерлердің тарификациясын жүргізеді, қол қояды және мектеп директорына бекітуге береді.
ДОСАНОВА НАРГУЛЬ РАМАЗАНОВНА - Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша мұғалімдер мен басқа да педагогикалық қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді.
Мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптарда білім алушылардың білім беру дайындығының нәтижелерін бағалаудың объективтілігі мен білім беру процесінің сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады.
Орыс және қазақ тілдерінде оқытатын сыныптарда ОЖСБ дайындау және өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" Заңының іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс жүргізеді, мемлекеттік тілде мектеп құжаттарын жүргізу ережелері мен нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Оқушылардың жеке істері мен қатаң есептегі құжаттардың жағдайына бақылау жүргізеді.
Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттандыру мен цифрландыруды енгізу, "Kundelik", "Bilimland" уақытылы толтыру бойынша жұмысын үйлестіреді, аталған мәселе бойынша жоғары тұрған ұйымдарға құжаттама дайындайды.
Мұтай Айнагүл - Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
9,11 сынып түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді, одан әрі білім алу үшін оқушыларды анықтау бойынша колледждер мен ЖОО өкілдерінің кездесулерін ұйымдастырады. 9,11 сынып түлектерінің уақытылы жұмысқа орналасуын бақылайды, уәкілетті органға есеп береді.
Білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жарақаттанудың, жол-көлік оқиғаларының, көшеде, суда және т.б. болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастырады; ата-аналарды білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізуге тартуды ұйымдастырады, тәрбиенің кешенді жүйесін құруға жәрдемдеседі.
Отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналар жұртшылығымен жұмысты, ата-аналар үшін ағарту жұмысын ұйымдастырады, тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ата-аналарды (оларды алмастыратын адамдарды) қабылдайды;
Оқушыларды мектепке және үйге апаруды ұйымдастырады, тасымалдауды қажет ететін адамдардың тізімін, тасымалдау кестесін жасайды, ауыл әкімдігімен тасымалдау мәселелерін шешеді.
Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің, мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің жұмысын басқарады, өз біліктілігін арттырады.
"Салауатты өмір салты" бағытына жетекшілік етеді және СӨС үйлестірушісінің жұмысын бақылайды, оқушылардың, ата-аналардың СӨС дағдыларын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады.
Оқушылардың оқу сабақтарына қатысуын, оқушылардың сыртқы келбетін бақылайды.
Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысының жоспарын бекітеді.
Сынып ұжымдары мен сынып жетекшілері мектебі бойынша кезекшіліктің ұйымдастырылуын қадағалайды, кезекшілік кестесін жасайды.