Қазақстанның Тәуелсіздік күні-Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі.
1991 жылғы он алтыншы желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі және Мемлекеттік Егемендігі туралы заң қабылдады. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы посткеңестік кеңістіктегі өзінің мемлекеттік егемендігін жариялаған республикалардың соңғысы болды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің Павлодар қ. № 40 мектебімізде 7.12-15.12.20 ж. бір апта ішінде ұлттық мемлекеттік мерекеге арналған түрлі іс-шаралар өткізілді. Сондай – ақ, 2020 жылдың 15 желтоқсанында «Тәуелсіз елді баласы», «Тәуелсіз Қазақстан», «Казахстан мой – Родина моя!»тақырыптарында викториналар, тақырыптық сынып сағаттары өтті.
Осы іс-шаралардың мақсаты патриотизм мен азаматтыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, Қазақстан халықтарының тарихи өткені, бүгіні және жарқын болашағы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу; Қазақстан туралы білімді бекіту; оқушылардың үйлесімді сөйлеуін дамыту.