Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жаңа жылдық қарбалас
01-02-2021 12:46
Жаңа жылдық қарбалас

Жаңа жыл-әр үйде, әр отбасында күтетін ең сүйікті, мейірімді, ертегі мерекесі. Бірақ біздің оқушылар сияқты жаңа жылдық ғажайыпты, сиқырлы өзгерістер мен оқиғаларды ешкім шынымен күтпейді. Мектептің 0-ден 11-сыныпқа дейінгі барлық оқушылары сынып жетекшілерінің басшылығымен және көптеген ата-аналардың белсенді қатысуымен түрлі жаңа жылдық байқаулар мен іс-шараларға белсенді қатысты. Біздің мектептің мұғалімдері «Тірі орман»тақырыбында, жаңа жылдық мерекелер кезінде табиғаттағы және ормандағы ағаштарға ұқыпты қарау, жаңа жылдық мерекелерде құтқару қызметінің жұмысы туралы онлайн-сынып сағаттарын өткізді.

Біздің мектепте сондай-ақ онлайн-конкурстар ұйымдастырылды: өлеңдерді мәнерлеп оқу, әндерді үздік орындау, «Жаңа жылдық ғажайыптар» тақырыбына бірегей бұйымдар мен суреттер байқауы.

Қысқа мерзім ішінде біздің мектептің оқушылары, мұғалімдер және олардың ата-аналары өлеңдер оқып, жаңа жылдық әндер шырқады, үйде ерекше жаңа жылдық қолөнер бйымдарын жасады. Барлық жұмыстар мұқият және сүйіспеншілікпен орындалды.

Біздің конкурстардың жеңімпаздарын анықтау өте қиын болды. Барлығы жақсы тырысты! Қатысушылар мен жеңімпаздар мақтау қағаздарыменмарапатталды.

Дарынды оқушыларымыздың дарынды ата-аналарына керемет нәтижелер жасауға көмектескені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.