«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында 5 ақпан күні ,мектеп кітапханашылары ZOOM арқылы , 7-сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдерімен бірігіп, «Қазақ поэзиясының символы» атты кіріктірілген кітапханалық дресс-код сабағын өткізді.
Мақсаты:оқушылардың поэзияға деген ынтасын арттыру, тіл мәдениетіне баулу, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.Оқушылар М.Мақатаевтың өздеріне ұнаған өлең шумақтарын оқыса, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Г.Калимшариф пен Г.Ғ.Байкенова ақын өмірінің қызықты сәттерінен,шығармашылығынан ақпарат берсе,кітапханашылар кітап көрмесіне шолу мен презентация көрсетті.Сабақ соңы Мақатаевтың сөзіне жазылған «Сарыжайлау»әнін бірігіп айтумен аяқталды.Оқушылар бойына жақсы көңіл-күй алды.