Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін
11-02-2021 14:02
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін
Мектеп кітапханасында Поэзия падишасы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай  "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" тақырыбында әдеби кеш өтті. Кешке "Адал ұрпақ" еріктілер клубының мүшелері мен мектеп басшысы Қожакелді Аманкелдіұлы қатысты.  Қарасаздың шыбығын жел тербеген,
Жел тербеген шыбықты мен тербегем.
Ойласамшы сол шыбық терек болып,
Өзегімді бір кезде өртер деген - Мұқағалидың сөзіне жазылған неше түрлі әсерлі әндерді тыңдап, шығармашылығымен танысты. Бұл ақын өлеңдерінің әуезділігі мен тартымдылығының және тіл шеберлігінің дәлелі болса керек.     Сонымен қатар бір-қатар оқушылардың ақын өлеңін мәнерлеп оқу байқауының қортындысын да мектебіміздің балалар өкілі Каиров Абзал, Ұланбасы Мұқашева Гульзат және "Адал ұрпақ" еріктілері, мектеп көшбасшылары Қайырбек Исмаил, Елешева Айым, Шокубаева Айым   шығарды. Байқаудың бас жүлдесі 10 сынып оқушысы Адалгазова Асемге берілді. 1-орынға Кутина Виктория 8б сынып оқушысы, Болпах Фирая 5а сынып оқушысы, ІІ-орынға Гринева Диана 5в сынып оқушысы, Төлеу Назира 6а сынып оқушысы, ІІІ орынға Төлеу Мадина 8а сынып оқушысы, Хайрол Гау 7ә сынып оқушысы ие болды.