Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тәуелсіздік жетістігі
20-09-2021 15:09
Тәуелсіздік жетістігі
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылы деп жариялады. Осы орайда  мектебімізде 20 –қыркүйек күні сағат 11.00 де  «Тәуелсіздік жетістігі» тақырыбында республикалық  ашық сынып сағаттары өтті. Ашық сынып сағаттары кезінде Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің құрылуының негізгі нәтижелері мен болашағы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі туралы насихаттау маңызды болып табылды. Сонымен қатар шара барысында Мемлекеттің қалыптасуына және аймақтың дамуына жеке үлес қосқан Тәуелсіздік құрушылары  арасынан қонақтар шақырылды.  Кездесуге  «Тәуелсіздікті құрдасы», Павлодар облыстық "Ертіс дарыны" жастар премиясының иегері 
«Мектеп бәріне ортақ» жобасының ұйымдастырушысы Матай Қымбат Галямқызы шақырылды. . Кездесуге қатысқан 11 сынып оқушылары Қымбат Галямқызының жеткен жетістіктерімен танысты. Қонағымыз жастардың дамуы үшін мемлекетімізде көптеген бағдарламалар мен жобалардың бар екенін атап өтті.
Республикалық сынып сағаты мен ашық сабақтар кезінде 30jyl.kz сайтында орналастырылған Қазақстан Республикасының жаңа тарихына арналған онлайн тестінің басталғаны туралы хабарланып,  оқушыларды белсенді қатысуға шақырды.