30 кездесу" мега-жобасының қорытынды шарасы
14-желтоқсан күні Павлодар қаласының #40 жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған
"30 кездесу" мега-жобасының қорытынды шарасы өтті. Кездесудің кезекті қонағы болып Павлодар облысының фин-угор этно мәдени орталығы қатысты.
Мега-жобаның мақсаты "Жастарды жігерлендіруші тұлға" тақырыбында оқушыларды Тәуелсіздікдің нығаюына ат салысқан тұлғалармен таныстыру.
Шараның қонақтары Қанат Даржұман атындағы фино-угор этно мәдени орталығы тәрбиеленушілерінің "Бір шаңырақ астында" мерекелік бағдармаласын ұсынды. Шара соңында Мектебіміздің директоры Мәуленқұлов Қожакелді Аманкелдіұлы мен фино-угор этно мәдени орталығының төрайымы Николашина Ольга Леодиновна ынтымақтастық туралы лебіздерін жолдады.