Мектебімізде мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар арасында«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында READx жобасының жарысы өтуде. READx жобасының ұраны «Оқуға ұмтыл!». READx мақсаты оқырмандарды кітап әлемінің асқар шыңына шығып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. READx – бұл оқырмандардың шабыттандыру алаңы, мұнда жасы мен беделіне қарамастан қатысушылар өз ой толғаулары мен жиып-тергендерін ортаға салуда.
20 қаңтар күні 1-4 сыныптар арасында өткен READx жобасының спикерлері, өздерінің ішкі әлемі мен дүниетанымына терең әсер еткен кітаптар мен шығармалар туралы әсерлерін айтып,жақсы көңіл-күй қалыптастырып, тыңдаушылармен өз шабытымен бөлісті.Тыңдаушылар,интернет пен телешоуларды көруден гөрі, жақсы кітаптарды оқу ,көп пайда әкеледі деген пікірге келді.
Шара соңында жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталып,сертификаттармен табысталды.