15 ақпан күні мектеп кітапханасында "Оқитын мектеп – оқитын ұлт" жобасы аясында "Мой, Павлодар, мой город ястребиный" атты әдеби кеш өтті. Іс-шараға қаламыздың танымал адамдары: Павел Васильев музей-үйінің бас қор сақтаушысы Корешкова Татьяна Сергеевна және Павлодар педагогикалық институтының орыс филологиясы кафедрасының доценті Нуркенова Светлана Филипповна болды Қонақтардың әсерлі әңгімелері, сондай-ақ "Ертіс" өлеңін 6 «б» сынып оқушысы Чулюкова Екатеринаның, "Павлодар" өлеңімен 7 «Г» сынып оқушысы Гладышева Анастасияның, Затерян след в степи солончаковой 5 «б» сынып оқушысы Рейхерт Дмитрийдің оқуында үлкен қызығушылықпен және ықыласпен тыңдалды. Сонымен қатар кітапханашылардың өткізген « Әдеби жаңалықтар бюросы ", осы іс-шараның тақырыбын ашуға үлес қосты. Әдеби кештің бейнесі Ресейдің Рязань қаласындағы Павел Васильевтің мұражайына жіберіледі.
Әдеби кеш