Облыста 2022 жылғы 23 мамыр сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін «Біз бірдейміз» акциясы басталады.
Бұл акцияның мақсаты – ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыру, аутизм спектрінің бұзылуының белгілерін анықтау, түзету жұмыстарының нәтижелерін және ата-аналардың логопедтік жұмысқа қызығушылығын арттыру болып табылады.
Акцияны өткізу орны:
- Облыстық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (Павлодар қ., П. Васильев к-сі, 17);
- Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (Павлодар қ., Ак. Марғұлан к-сі, 89);
- Павлодар қ. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы (Павлодар қ. Луначарский к-сі, 9/8):
- Екібастұз қ. психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (Екібастұз қ. Павлов к-сі, 7);
- «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы (Павлодар қ., Луначарский к-сі, 28);
- жалпы білім беретін мектептер мен жалпы үлгідегі балабақшалар.