Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектептегі «тілдер апталығы»
08-10-2022 11:03
Мектептегі «тілдер апталығы»

2022 жылдың 7 қазаннан 11 қазан аралығында мектепішілік тілдер апталығы өтті. Қазақ тіл мен әдебиеті ӘБ өткізілетін шаралар жоспар бекітіп, жоспар бойынша жұмыстар жүргізді.

Тілдер апталығының мақсаты : оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қызығушылығын арттыру. Осы мақсатты жүзеге асыру негізінде мынадай мiндеттер қойыды:

  • оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып
  • оқушылардың жеке белсенділігін арттыру;
  • шығармашылық қабілеттерін арттыру;
  • білімін дамыту,  қызығушылықтарын қалыптастыру;
  • патриоттық сезімдерінің қалыптасуына ықпал ету

Мектеп дәлізінде қазақ халқының ұлттық бұрышы «Ұлттық бұрыш көрмесі» және кітапханада  ««Мерейлі той-мерекесі» тақырыбында ақпараттық – танымдық слайд сағаты жүргізілді. Ондағы мәліметтер өз ана тілінің қадір-қасиетіне, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға  және   заман талабы сай онлайн тур QR арқылыжабдықталды.

1-4 сыныптар арасында Кәкім Әсел Маратқызы мен Сәкен Ботакөз «Викторина сайысын» жүргізді.

4 «Г», «Д» сыныбымен Кисимова Айман Еслямқызы мен Сарсенбекова   Айгуль Сагидолаевна " Тіл - асыл қазына' сайысы 4 Г сыныбында    " Шаңырақ"," Бәйтерек" тобы қатысты. 1- орынға " Бәйтерек" тобы ие болды 2- орынға " Шаңырақ" тобы ие болды. 4 Д сыныбында " Домбыра " тобы1- орынға, 2- орынға " Бәйтерек" тобы ие болды.

5 «б», 6 «г» сынытпарымен"Ана тілім-қазынам " сайыс сабағын Кабышева Орынбасар Актаевна өткізді

5-9 сыныптар арасында Каппасова Әлия Қадырқызы Жидебайдағы Абай музейіне сілтеме арқылы саусақпен басып отырып саяхат  жасайтын шолу сәтін өткізді.

9-10 сыныптар арасында «Мен ұлтымның құндылығын дәріптеймін» тақырыбымен оқушылар өз жобаларын тартымды қорғады.

«Қызықты қазақ тілі әлемі» тақырыбымен бастауыш сынып арасында Мустафина Гүлнар Бакижановна мен Байкенова Гүлсара Ғалымжановна сайыс сабағын өткізді.

Жылдағы дәстүрге сай мектепте   тілдер апталығы  өткізілді.Тілдер апталығында  өткізілетін іс-шаралардың арнайы жоспары құрылып бекітілді, жоспар  бойынша барлық іс-шаралар атқарылды. Салтанатты  саптық жиын өткізіліп мектепішілік пәндік олимпиадамен ашылды. /2-11 сыныптар/    Апта қорытындысы да саптық жиын   барысында   нәтижесі жарияланып, жеңімпаздарды марапатталды.