2022 жылдың 7 қарашасында мектепішілік пәндік олимпиада өтті. Мақсаты : дарынды балаларды анықтау және дамыту; оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қызығушылығын арттыру.
Олимпиаданың негiзгi мiндеттерi: шығармашылық қабілеттерін дамыту; теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету;
жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету; дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау; қалалық олимпиадаға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау; Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру болды.
Қазақ тіл мен әдебиеті пәні бойынша қатысушылардың жалпы саны : 36 қатысушы қатысты, оның қазақ тілінде оқитын оқушылар саны -18 оқушы, орыс тілінде оқитын оқушылар саны - 29 оқушы болды. Қазақ сыныптарынан 5 сыныптан-2 оқушы қатысты, екеуі де жүлделі болды; 6 сыныптан ешкім қатыспады. 7 сыныптан 6 оқушы қатысты, 1 жүлдегер болды; 8 сыныптан 2 оқушы қатысты, екеуі де орын алды; 9 сыныптан 6 оқушы қатысты, 5 жүлдегер атанды; 10 сыныптан 1 оқушы қатысты, 1 оқушы жүлде алды.Жалпы 5-11 сыныптардан 18 оқушы қатысып, сол оқушылардың 11 жүлделі орынға ие болды.
Мемлекеттік тілде оқымайтын сыныптардан жалпы саны 29 оқушы қатысты. Бастауыш мектептегі 2 сыныптан 7 оқушы қатысып, 4 жүлделі болды; 3 сыныптан 4 оқушы қатысып, 4-і де орын алды; 4 сыныпта. Олимпиадаға қатысушылар болған жоқ. Жалпы бастауыш мектептен -11 оқушы қатысып, 8 жүлделі орын алды. Ал орта және жоғары сыныптардан : 5 сыныптан 1 оқушы қатысты, жүлдегер жоқ; 6 сыныптан 4 оқушы қатысты, 3 оқушы жүлдегер болды; 7 сыныптан 4 оқушы қатысты,1 оқушы жүлдегер болды; 8 сыныптан 2 оқушы қатысты, жүлдегер жоқ; 9 сыныптан 3 оқушы қатысып, 2 жүлдегер болды, 10 сыныптан 3 оқушы қатысып, 3 жүлдегер атанды. (Қосымша орын алған оқушылар тізімі бар) Жалпы 2-11 сыныптар арасынан орыс тілінде оқитын оқушылар саны 29 болды, оның 17 қатысушысы жеңімпаз атанды. 1 орын саны : 5; 2 орын саны : 12; 3 орын саны : 9 болды.
Жеңімпаздардың жалпы саны : 28 болды, ал аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардың қатысушылар саны - 4 болды, оның ішінде 3 оқушы жүлделі болды.
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестіктің жетекшісі : Каппасова Алия Кадыровна