Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Дарынды оқушылармен жұмыс жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» мектеп педагогтарына арналған қалалық семинар
11-04-2025 17:14
2025 жылғы 11 наурызда № 40 мектепте «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен Павлодар қаласынан, № 33, 40, С.Торайғыров атындағы мектеп мұғалімдеріне арналған құзыреттілік оралығы-өсу нүктелері бойынша қалалық семинар-практикум ұйымдастырылды, оған «Дарынды оқушылармен жұмыс бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбы бойынша 50-ден астам педагог қатысты. Семинар оқушыларды түрлі ғылыми-шығармашылық байқаулар мен олимпиадаларға қатысуға дайындау мәселелері бойынша педагогтардың жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында өткізілді.
Семинар бағдарламасы пленарлық және практикалық бөлімнен тұрды. Пленарлық бөлімде №40 ЖОББМ директоры алғысөз сөйледі, сонымен қатар орталықтың әдіскері Ж.Күренбаева «Олимпиадалар мен байқауларға дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында сөз сөйледі. Әдіскер өз сөзінде қала мектептерінің конкурстар мен олимпиадаларға қатысуына талдамалық шолу жасады. 
Семинар барысында № 40 мектептің мұғалімдері өз жұмыстарын ұсынды: Т. Карпбаева, Т.Серікбаева, Г.Ардабаева, И.Огородникова,  №33 мектептің педагогтері А.Куямбаева, Д.Жексенова, сонымен қатар С.Торайғыров атындағы мектептің педагогтері А. Усина, О. Сероокая, Садырбаев А.Ф. өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша спикерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификатына ие болды.