Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Адрес: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қалалық ғылыми-практикалық конференция
29-10-2011 07:06

 

Қазан айының 27 күні Павлодар  қаласындағы №30 мектепте  «Туған өлкені тану- ғылымға жетелейтін жол»  атты қалалық ғылыми – практикалық конференция өтті. Шараны Инновациалық Еуразия университеті мен білім беру бөлімі өткізді.    Бұл айтулы шараға қаламыздың барлық мектептерінің білім шыңына ұмтылған, санасында оты бар, көкірегі ояу жас ғылым-оқушылар белсенді ат салысты.

            №40 жалпы орта мектебінің оқушылары Мешітбаев Ермек пен Жолдаспаева Бақытгүл де бұл шараға тыңғылықты дайындықпен келді. Көпшілік назарына  ұсынған баядамалары кіндік қаны тамған туған жерінің тарихынан мағлұмат бере отырып, жүзі жарқын бабаларымыздың елеулі істері, елі үшін, жері үшін көрген тауқыметтері  туралы сыр шертеді.

            Конференция  нәтижесінде   Мешітбаев Ермек сертификатқа ие болса, Жолдаспаева Бақытгүл  ІІІ дережелі дипломды қанжығасына байлады.

Мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы және оқушылар  атынан балаларды құттықтаймыз!