Ата-аналар лекторийі
Ата-аналар лекторийі
Тақырыбы: «Ата-аналар мейірімінің даналығы»
«Сен және сенің құқығың» республикалық онкүндігі өткізілді және онкүндік соңында ата-аналарды құқықтық сауаттылық негіздерімен таныстыру мақсатында мектепте лекторий өткізілді. Лекторийдің мақсат-міндеттері:
- ата-аналарды балалар құқығын қорғау конвенциясымен таныстыру;
- құқықтық жауапкершілікте белсенділік деңгейі нәтижесінің мониторингісі;
- отбасындағы психологиялық жағдаятты шешу мәселесі.
Балалар құқығын қорғау конвенциясы бойынша слайд көрсетумен жалғасты, оқушылардың құқықтық білімі бойынша мониторинг құрылды. Семинар соңында ата-аналарға психологиялық қызмет ұсыныстары көрсетілген жаднамалар таратылды.