Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалалық Мақатаев оқулары
20-03-2012 03:57

     Көкірегімізді нұрландырар, «жұқа» жүрегіміздегі асыл сезімдер мен ой-толқыныстарын дөп басар бірден-бір нәрсе болса, ол – Мұқағали бабамыздың жырлары десек, артық айтқанымыз емес. Сондықтан поэзия пайғамбарының інжу-маржан жыр жолдарын насихаттау мақсатымен көптеген іс-шаралар жүзеге асырылады. Соның бірі – қаламызда дәстүрлі түрде өтетін «Мақатаев оқулары». Бұл жыр додасына біздің мектептің оқушылары да қатысты. Таудай талап пен ізденістің арқасында Сәбит Майгүл мен Петрова Ксения алғыс хатпен марапатталды және бағалы сыйлықтарды қанжығасына байлады. Майгүл мен Ксенияның болашақтағы істеріне сәттілік пен табыс тілейміз. Жыр додасына қатысқан жампоздарды баптаған Байкенова Бақытгүл Қайырқызы мен Тілеуғабыл Жұлдыз Саятқызына шексіз ризашылық білдіреміз.

 

Сәлем газетінің тілшісі: Сәкен Ботакөз