Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Театрландырылған шара «Кітап мерейтойы иелері»
30-03-2012 10:32

Мақсаты:баларды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншілдікті қалыптастырып, дамыту.

Көрнекілік:Белсенді тақта, музыкалық сүйемелдеу,кітап көрмесі,  презентация.

1-вед Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, кітапқұмар оқырмандар,  Бүгінгі  кітап апталығы аясында өткізгелі отырған шарамызға қатысып отырған барлық кітапқұмар оқырмандар, сіздерді  «Халықаралық кітап күнімен» құттықтаймын!

1-вед                          Бір  сандық  бар  өзгеше,

                                   Қолыңа алып  жүресің

                                    Ішін  ашып  қарасаң,

                                    Өмір  сырын  білесің

2-вед:                         Кто с книгой  по  жизни  шагает,

                                   Кто с нею  умеет дружить

                                   Тому  это  книга всегда  помогает,

                                   Учиться, работать и жить!

 

3-А сынып оқушылары Мұхтар Әуезовтің туғанына 115-жыл болады деп өздерінің дайындығымен келді

1-вед  Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

         1-вед  - Мұхтар Мағауин:1940жыл Семей облысы, Шүбартау ауданында дүниеге келгені: жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, әдебиет зерттеушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. "Аласапыран" тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР -інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. (1984). Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық "Түркі дүниесіне қызмет" сыйлығының сахибы.

1-вед  Сахнада 4-А сынып оқушылары Мұхтар Шаханов 1942 шілде Қасқасу селосы, Ленгір ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, жазушы,депутат 2004—2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазір  "Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының Президенті.

          1-вед  Сахнада 1-А сынып оқушыларыСпандияр Көбеев (1878 - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiр үшiншi ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген Шығармалары Екі соқа.Қалың мал: Роман.Құстың ұясы.Орындалған арман:

1 вед.Салтанатты  құттықтау сәтіне келдік

1-вед.:Бүгінгі  мерекемізге  атсалысқанға  рахмет  айта отырып, мына  өлең жолдарымен  аяқтағымыз келеді

          Кітап әлем  мөлдірлік  тұнығында,

          Нәзіктікпен кітапта ұлы  ұғым  бар.

          Кітап  тарих,шежіре сан  ғасырдан,

          Келер күннің кітапта  ұрығы  бар