Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ХХІ ғасыр көшбасшысы
05-04-2012 08:50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата: 2012-04-05 14:50:33    Құрметті  № 40-мектеп сайтының қонақтары!    Үстіміздегі  жылдың наурыз айында  мектебіміздің 10  сынып оқушысы Егізек Нағашыбайдың Алматыға «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысына кеткенін құлағдар еткен едік. Міне, бүгінде Нағашыбай Алматыдан                                                     жақсы нәтиже танытып   оралды. Ойыннан алған әсерімен бөлісу үшін Нағашыбайдан сұхбат алуды жөн көрдік.
- Нағашыбай, қош келдің!
- Қош көрдік!
- Сенің әрқашан ізденіс үстінде жүретініңді білеміз. Соның арқасында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеттің. Бірнеше жыл қатарынан ғылыми жобалармен айналыстың,  қалалық «Мәшһүр Жүсіп Көпеев» оқуларынан бірінші жүлделі орынды иелендің. Бірақ оның ішінде орны бөлек сайыстың бірі  Республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы десем, артық айтқаным емес. Бұл білім додасына қатысу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл сайысқа қалай тап болдың?
- Биылғы 2011-2012 оқу жылының  қыркүйек айында өткен облыстық іріктеу сайысына қатыстым. Іріктеуге облысымыздың түкпір-түкпірінен 129 оқушы қатысты. Өткізілген  тест қорытындысы бойынша  іріктеліп алынған 11 оқушының ішіне мен де іліктім. Ойынға 10 наурызда шақырту алып, 19 наурызда жолға шықтық.
- Бұл сайысқа дайындық барысы қалай жүзеге асты?
- Дайындық барысына тоқталсам, арнайы орындарға барып, білімімді нақтырақ толтыра алмадым. Өзім оқып жүрген №40 мектептің ұстаздары қолдарынан келгенше білім жағынан көмектесуге тырысты. Ұстаздар қауымына шексіз ризашылығды білдіремін. Сондай-ақ баруыма  қаржылай көмектескен  ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер қауымына алғысымды айтқым келеді.
- Алматыға кіммен аттандың?
- Жолға ардақты да аяулы, сүрінгенде сүйеу бола білген, мені тұмсықтыға шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай өсірген анаммен аттандым. Асыл анамның өмірімдегі алар орны ерекше деп білемін, себебі қандай игі бастамаға аяқ бассам да, өзінің ақ ниеті мен аналық қамқорлығымен  көңіліме медеу, қадамыма қуат береді.Оған деген алғысым шексіз.
- Сонау Оңтүстік Астанаға бардың. Сірә, басыңнан талай–талай қызықты оқиғалар өткен шығар. Мүмкін, бізбен бөлісе отырарсың?
- Біз сайысты ұйымдастырушыларымен бірге Шымбұлаққа бардық. Тауға шығып, таза ауамен серуендедік. Таулы өлкенің табиғаты бойымызға күш-қуат, тынық та таза ауасы ойымызға серпіліс берді. Бізді алда болатын сайысқа психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында табиғат аясында көптеген  қызықты тренингтер  өткізілді. Ойын барысы өте қызу, ішкі толқынысқа толы болды.  Ойыннан кейін қатысушылармен мейрамханаға барып, бір-бірімізбен қимай–қимай қоштастық.
-«ХХІ ғасыр көшбасшысы» - республикалық сайыс. Оған қатысатын оқушылардың деңгейі де жоғары, әрине. Сен өз қарсыластарыңа қандай баға берер едің?
- Әрине, бұл сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушылар қатысты. Олардың барлығы дерлік «Алтын белгі» үміткерлері, сондықтан  жүлделі орындарға бәсекелестік жоғары болды. Қатысушылардың деңгейі көңіл көншітерлік еді.
- Қанша дегенмен, қарсыластың аты қарсылас. Олармен тіл табысу қиындық туғызған жоқ па?
- Жоқ. Себебі, олардың қарапайым да ашық мінездері біздің тез тіл табысуымызға зор септігін тигізді. Олармен өткен бес күн өмірімнің тамаша сәттерінің бірі болды.
-Сенің ойыңша, көшбасшы болу үшін адамда қандай қасиетер болуы қажет?
- Адам өз-өзіне сенімді, кез келген қиындыққа төтеп беретіндей төзімді, жауапкершілікті сезіне білетін әрі ұйымшыл, әрі ұстамды болуы керек. Әр адамда кездесетін білімге, ғылымға деген ұмтылысы тек ой жүзінде ғана қалмай, нақты амал-істермен ұштасып  жату керек.
-Болашақта бұл  сайысқа қатысамын деп талаптанатын іні-қарындастарыңа  қандай ақыл-кеңес беріп,  лебізіңді білдірер едің?
- Әрқашан тек өз білімдеріне сену керек. Дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ.. Өмір соқпағында алғашқы қадам жасаған жас өрендерімізге қиял қанатында самғап, талаптың тұлпарына мініп өмірдің асқақ белестерінен жарқырап көрінулеріне тілектеспін!
- Сырлы сұхбатың үшін рахмет.
                                                                                      

  «Сәлем» газетінің тілшісі: Сәкен Ботакөз