Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
23-08-2012 08:56

2011-2012 оқу жылында мектеп оқушыларының түрлі деңгейдегі шараларға қатысуы нәтижелі болды:

- 10 «А» сынып оқушысы Сәкен Ботагөз қазақ тілінен қалалық пән олимпиадасы жеңімпазы атанып, облыстық олимпиадаға қатысты (мұғалім Тілеуғабыл Ж.С.)

- 11 «А» сынып оқушысы Мешітбаев Ермек, 9 «А» сынып оқушысы Жолдаспаева Бақытгүл және 10 «Б» сынып оқушысы Бейсенов Асхат – қалалық және облыстық ғылыми жобалар сайысына белсенді қатысушылар. Қалалық ғылыми жобалар сайысы қорытындысы бойынша Жолдаспаева Бақытгүл «Жас ғалым» аталымында жеңімпаз атанса, Мешітбаев Ермек облыстық сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болды.

- 10 «А» сынып оқушысы Егізек Нағашыбай қалалық Мәшһүр Жүсіп оқуларының жеңімпазы және «XXI ғасыр көшбасшысы» (Алматы қ.) Республикалық зияткерлік марафонына қатысушы.

- 6 «А» сынып оқушысы Асылбек Гүлнәр «Қалалық Махамбет оқулары сайысына» қатысушы

- 10 «А» сынып оқушылары Петрова Ксения, Сәбит Майгүл облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларына қатысушылар

- 10 «А» сынып оқушылары: Айдашева Ә, Айдашева Ж,., Асылбек Ж, Сәкен Б, Сәбит М, Егізек Н,, 10 «Б» сынып оқушысы Амантаева Айсұлу - қазақ тілінен интернет олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды, орташа балл – 18,9 құрады.

- 1 «В» сынып оқушысы Осовской Данил және 2 «Б» сынып оқушысы Осадчая Кристина (жетекшісі Осадчая А.А.) бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобалар сайысында жүлдегер атанса, 3 «Б» сынып оқушысы Кулинич С. (жетекшісі Карпенко Е.И.) сегізінші қалалық бастауыш сынып оқушыларының ғылыми жобалар сайысында лауреат атанды.

- 3 «Б» сынып оқушысы Пименов Виктор «Ғылымдағы алғашқы қадам» аймақтық ғылыми-зерттеу жобалары сайысының жүлдегері - II дәрежелі диплом (жетекшісі Продан Г.И.)

- 7 сынып оқушылары «Ақ бота» республикалық зияткерлік марафонының жүлдегерлері мен жеңімпаздары (мұғалімдер – Күлдікова Ә.Қ.. Кутышева В.И.) I орын: Урсол Е (3б), Гура К (3б); II орын: Чумарина А (3б), Пименов В (3б), III- орын: Голубничий С, (3б), Глебов Е, және Кулакова М – 4б.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша мектеп бойынша орташа балл - 86,9. Қала мектептері арасындағы рейтингтік көрсеткіші – 3-ші орын.

Мектебіміз «Мектеп тағамы» қалалық сайысында жеңімпаз атанды, «Балауса» балалар шығармашылығы фестивалінің жүлдегері болды. «Акварель» мектеп би ансамблі – облыстық би ұжымдары сайысының жеңімпазы.

2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша мектебіміз «Құқық бұзушылықсыз жаз» облыстық сайысында І орынға, мектеп оқушылары спартакиадасының өтпелі кубогына, «Жаз-2012» жазғы мерзімде оқушылардың бос уақытын, демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша үздік мектептер қатарынан табылып, Павлодар қаласы әкімінің сыйақысына ие болды.

     Қазақ тілінен қалалық пән олимпиадасының жеңімпазы Сәкен Ботагөз (I орын), қалалық ғылыми жобалар сайысының жүлдегерлері Мешітбаев Ермек пен Жолдаспаева Бақытгүлдің есімдері Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Табыс - 2012» кітабына енді.