Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қасым Мұстафаұлына арналған ғылыми – практикалық конференция
04-10-2012 08:49

     Мектебімізде ХХ ғасырдың басындағы көрнекті ұлттық зиялы қауым өкілдерінің бірі, Павлодар-Ертіс өңірінде діни-ағартушылық, білім беру және қоғамдық істермен белсенді айналысқан Қасым Мұстафаұлына арналған ғылыми – практикалық конференция өткіздік.

    Конференциямыздың қонақтары: Алматы қаласынан арнайы келген Қасым Ертісбаевтың немересі Ажар Байтенқызы мен шөбересі, Астана қаласынан келген Ыбырай Алтынсарин атындағы ғылым академиясының жетекші қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Жәнісов Әсет Темірханұлы, Даулет Қоқанұлы Закарьянов- Павлодар облысы діндер істері бойынша департамент директоры, Көкіш Әміржанұлы- Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, ақын, Қадырбаев Шаяхмен Зарлықұлы- Павлодар бизнес колледжінің өндіріс жөніндегі директор орынбасары, Фогель Ирина Викторовна- Павлодарское ауылының әкімі, Мұстафин Дайыр Қайырұлы – Павлодарское ауылының әкімінің орынбасары болды.

     Конференциямыз мектеп директоры Любовь Владимировна Задубняктың қарсы алу сөзінен басталды.

 Қасым Ертісбаевқа арнап дайындаған ғылыми жобаларын  Алдан Жанбота, Сәкен Ботакөз және Жолдаспаева Бақытгүл, жүрекжарды өлеңдерін Арман Жансая, Алдан Ақмарал, шығармаларын Ерқанат Ерлан мен Көбеш Ұлбек  тыңдармандарға ұсынды.

Оқушылар ғылыми жобаларында Қасым Ертісбаевтың өмірінің ащы  шындығын, істеген меценаттық істерін, қазақ даласында білімнің дамуына қосқан үлесін, сол кездегі тарихи оқиғалармен байланыстыра отыра дәлелдеді.

Арман Жансая:- Көк жиектен сансыз жұлдыз самғаған,

                             Сол жұлдызбен аспан жүзі жайнаған

                             Қажы атама тең келмейді ешкім де,

                             Білім жолын бар қазаққа арнаған, - десе

Алдан Ақмарал: - Қасым ата ауылымның қазынасы,

                               Алтынның бізге жеткен сынығындай,- деп  сүйіспеншілік сезімін мақтанышпен жазды.

Ерғанат Ерлан: - Қасым Ертісбаевты өмірінің мәнін тауып, қиыншылықтан өтіп, артынан үлкен іс қалтырған адам,- деп айтса, Көбеш Ұлбек: -Қасым атамыз ата- бабаларының абыройын асқақтатып, шалқар дарынын,қажымас қайратын туған халқына сарп еткен адам,- деп ой бөліседі.

Конференциямыздың шарықтау шыңы  Кітап презентациясы. Сөз кезегі Астана қаласынан келген Ыбырай Алтынсарин атындағы ғылым академиясының жетекші қызметкері, тарих ғылымының кандидаты, «Заманының көрнекті тұлғасы» кітабінің авторы  Әсет Темірханұлы Жәнісовқа берілді.

Конференция барысында арнайы келген қонақтар да сөз алды.Өз сөздерінде естеліктерін еске алып, өлеңдерін оқып мектепке деген ризашылықтарын білдірді.