Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстан халықтарының Тілдер күнін тойлау аясында өткізілген шаралар туралы есеп беру Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері ӘБ
05-10-2012 13:33

Елімізде тілдерді дамытуға және оны үйренуге барлық жағдай жасалған. 22 қыркүйек Қазақстанның барлық халықтары үшін маңызды күн болып саналады. № 40 ЖОМ-да Тілдер күніне орай қызықты да тартымды шаралар өткізілді. 5 сыныптар арасында «Орыс тілінің білгірлері» сайысы өткізілді. (жауапты орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі Е.В.Абдуллаева)

5 сынып оқушылары Балалар сұрақтарға жауап беріп, бұрын қолданыста болған көптеген сөздер жөнінде мәлімет алды. Сонымен қатар Елена Васильевна оқушылармен сурет сайысын өткізді. 5-10 сыныптардан

25 оқушы қатысты. Сайыс жеңімпаздары:  Саенко Н. (5б), Бақаева Ж. (8б), Рымарь Д. (10б), Бушман М. (5а), Кретинина О. (5б), Шураева А. (6б).

25 қыркүйек күні орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі В.Д.Петрова «Ж.Нүркенов поэзиясымен кездесу» сайысын өткізді. Жерлес ақын Жаңаталап Нүркеновтің оқуларына 7-11 сынып оқушылары қатысты. Мәжіліс залында өткізілген мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды көрермендер бар ынтасымен тыңдады. Сайыс қорытындысы бойынша Осадчая А. (10б), Бейсенов А. (11б), Минакова А. (10б), Иглик А. (10б), Пятак В. (8г), Малова А. (8г), Забегалин А. (7в)жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар мектебімізде жерлес ақын Ж.Нүркеновті еске алуға арналған әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Кешке педагогтар, мектеп оқушылары, әдебиет сүйер қауым, қонақтар, ақынның жақын туыстары қатысты.

Әдеби-музыкалық кеш И.Тальковтің әнімен басталды. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.И.Минаева ақын Ж.Нүркеновтің өмірі мен шығармашылығы жөнінде айтып өтті.

Шара барысында ақынның шығармашылық жолы туралы бейнефильм көрсетілді. Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Әдеби-музыкалық кеш көрермендері Ж.Нүркеновтің өлеңдеріне жазылған әндерді тыңдады. Ақынның өз өлеңдерін мәнерлеп оқуын оқушылар бейнежазбадан көре алды.

Жерлес ақын жайлы көп естеліктер айтылды... Павлодар облысына танымал ақын Семерьянов Виктор Гаврилович Жаңаталап Нүркеновпен қалай танысқанын, ақындық жолдары туралы балаларға әңгімелеп берді. В.Г.Семирьянов мектеп кітапханасына Павлодар облысы ақындарының өлеңдер жинағын сыйлады.

Кеш барысында Қазақстан өнерінің көрнекті қайраткері, филология ғылымдарының профессоры, Шафер мұражай-үйінің негізін қалаушы, зерттеуші-әдебиеттанушы, сазгер Н.Г.Шафер сөз сөйледі. Ақын шығармашылығы жөнінде Шафер мұражай-үйінің директоры Т.С.Корешкова сөз алды. Т.С.Корешкова 2000 жылы Ж.Нүркеновтің алғашқы өлеңдер жинағын шығаруға ат салысқандардың бірі болды. Ақын Т.С.Корешкова бірнеше жыл Павел Васильев атындағы әдеби бірлестіктің төрайымыболды. Ж.Нүркенов те көзі тірісінде осы әдеби бірлестіктің мүшесі болған еді.

Кеш соңында мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н.М.Сәдуақасова, А.А.Осадчая жерлес ақынға арнап шығарған өлеңдерін оқыды.

«Акварель» хореографиялық ансамблі (жетекшісі С.А.Зубкова) өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті.

Әдеби-музыкалық кеш Тілдер мерекесі және ауылымыздың 85 жылдық мерейтойы аясында өтті. Ауыл әкімі И.В.Фогель мәнерлеп оқу сайысы жүлдегерлерін, сурет сайысы жеңімпаздарын сыйлықпен марапаттады.