Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Театр және біз» әдеби кеші
23-02-2013 16:43

 

 

 

     Мектеп театры – балалардың қызығушылығын, танымдылығын арттыратын орындардың бірі. Театр оқушылардың алған білімін тәжірибеде қолдануға, мәнерлеп оқуға дағдыландырады, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Сол себепті мектебімізде орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында 19 ғасыр жазушыларының шығармалары бойынша театр қойылымдары сайысын өткізу дәстүрге айналған.

     22 ақпанда мәжіліс залы көрермендерге толы болды. Балалар театр тарихы, павлодарлық актерлер туралы ой бөлісті. Сайыс барысында 5 сынып оқушылары шығармашылық таныта білді: 7 «В» сынып оқушылары «Тарас Бульба» шығармасынан үзінді көрсетсе, 8 «Б» сынып «Капитан қызы» повесінен, 8 «Г» – «Сығандар» поэмасынан, 9 «Б» - Н.В.Гогольдің шығармасынан, 9 «В» - М.Ю.Лермонтовтың шығармаларынан көрініс дайындады.

     Сайыстың негізгі шарты төмендегідей болды: мәтінді мәнерлеп оқу, актерлік шеберлігі, сахнадағы сөйлеу мәнері, костюмделген көрініс. Әділқазылар алқасы 9 «Б» сыныпты ерекше атап өтті(1 орын), 8 «Г» сынып (2 орын) және9 «В» сынып (3 орын). «Үздік сахналық бейне» аталымы бойынша Павловский Дмитрий (9 «Б») мен Сейсенбаева Қымбат (8 «Г») жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.